386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан аумағындағы шетелдіктер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды

  • 210
  • UPD: 18:39, 16.10.2019
Өзбекстан аумағындағы шетелдіктер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды

Өзбекстан аумағында жүріп-тұру ережелерін бұзған шетелдіктер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заңға енгізілген мұндай түзетулерді Сенат мақұлдаған. Өйткені елде тиісті заң бұзушылықтар саны азайған. Бұған дейін көші-қон ережелерін бұзғандар 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын. Енді оларға тек әкімшілік жаза ғана қолданылады. Бұдан былай елде жүріп-тұру ережелерін алғаш бұзған шетелдік Өзбекстаннан шығарылып, бір жылға дейін мұнда қайтып келе алмайды. Ал ұқсас жағдай тағы қайталанса, 3 жылға дейін елге кіруіне рұқсат берілмейді. Сонымен қоса, түзетулерге сәйкес көші-қон ережелерін бұзу үшін қарастырылған айыппұл мөлшері де азаятын болды. Енді Өзбекстан президенті қол қойғаннан кейін құжат күшіне енуі тиіс.

Махлия Каримова, Туризмнің жеке түрлерін дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Ұлттық заннама және туристердің қатысуымен жасалған қылмыстық істердің статистикасы елде жүріп-тұру ережелерін бұзу туралы заңды қайта қарастыру қажеттігін көрсетті. Оның үстіне біз шетелдік тәжірибені зерттеп шықтық. Мәселен, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Түркия, Сингапур, АҚШ және Еуроодақтың бірқатар елдерінде көші-қон ережелерін бұзу деректері үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған.

Хабар 24 телеарнасы