388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Помпео мен Пенс Түркияға шұғыл аттанып кетті

  • 167
  • UPD: 12:54, 17.10.2019

АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен мемлекеттік хатшы Майк Помпео Сирия бойынша шұғыл келіссөздер жүргізу үшін Түркияға аттанды.

Вашингтон Анкараның күрд жасақтарына қарсы бастаған әскери операциясы жайлы талқыламақ. Дегенмен, Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған америкалық шенеуніктерді қабылдай ма? Әзірге белгісіз. Бұған дейін ол Пенспен кездесуден бас тартқан болатын. Еске сала кетейік, 9 қазан күні Ердоған Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік қайнары» әскери операциясын бастағанын мәлімдеді. Ресми Анкараның мәліметінше, мақсат - өңірді күрд жасақтарынан тазалап, 2 миллион сириялық босқынды отанына көшіру делінген.

Хабар 24 телеарнасы