Бұл туралы жергілікті полиция мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Arab News агенттігінің хабарлауынша, Мәдина қаласынан 170 шақырым жерде Әл-ахал елді мекеніне жақын тұста Хижраға бара жатқан автобус басқа бір көлікке соғылған. Кей деректерге қарағанда, 39 жолаушысы бар жекеменшік автобус жүк көлігімен қақтығысқан. Зардап шеккендер әл-Хамна ауруханасына жеткізілді.