387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жүгері мен соя қымбаттады

  • 213
  • UPD: 10:45, 17.10.2019
АҚШ-та жүгері мен соя қымбаттады

АҚШ-та жүгері мен соя фьючерстері қымбаттап жатыр. Қымбатшылыққа күннің күрт суытуы себеп.

Оңтүстік Дакота штатында егіс алқаптарын қар басып қалғандықтан фермерлер шығын көлемін есептей алмай әлек. Ал сарапшылардың пайымдауынша, биыл жүгері өндірісі 4 миллион тоннаға, ал соя 1 миллион тоннаға дейін қысқаруы мүмкін. Мамандар бағалардың қымбаттауына АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына қатысты келіссөздердің де әсер еткенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы