388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ирландиялық 500 мың еуроны қоқысқа тастап жібере жаздаған

  • 138
  • UPD: 10:47, 17.10.2019
Ирландиялық 500 мың еуроны қоқысқа тастап жібере жаздаған dublinlive.ie

Ирландиялық ұтыс билетін сатып алып, оны қоқысқа лақтырып жібере жаздаған.

Бұл туралы Dublin Live хабарлайды. 35 жастағы ер кісі қызымен бірге EuroMillions ұтыс ойынына қатысамыз деп шешеді. Әкесі лотереяны қалтасына салып қойып, бірнеше күн жүрген. Ең көлемді ұтысқа Ұлыбритания тұрғыны ие болғанын естігенде, ер кісінің ұнжырғасы түсіп, билетті қоқысқа тастамақ болады.

Сонда да бағын сынап көрейін деп билетті автоматтан сканерлегенде, 500 мыңды ұтқан өзі екендігін түсінеді.

Хабар 24 телеарнасы