387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Меркель мен Макрон Түркияға тоқтау айтты

  • 154
  • UPD: 14:28, 17.10.2019

Париж бен Берлин Анкарадан дереу арада Сирияға шабуыл жасауын тоқтатуды талап етті.

Бұл туралы Франция Президенті Эммануэль Макрон мен Германия Канцлері Ангела Меркель үкіметаралық кеңес қорытыныдысы бойынша мәлімдеді. «Сирияның солтүстік-шығысында  әскери әрекеттерді қайта бастау бүкіл елдегі тұрақтылыққа кері әсер етеді. Бейбіт тұрғындар зардап шегіп, азаматтардың бас сауғалауына әкеп соғады» делінген ортақ мәлімдемеде.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Бүгін біз Президент Ердоғанмен бір сағаттай сөйлестік. Әрине Анкараның өз қауіпсіздігіне алаңдап отырғанын түсінеміз. Дегенмен, әлеуметтік себептерге байланысты бұл әскери операцияны тоқтатуын талап еттік. Күрд жасақтарына да бей-жай қарай аламймыз. Бұл мәселенің басқа шешімі болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы