388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия АҚШ-қа санкция салады

  • 251
  • UPD: 13:50, 17.10.2019
Түркия АҚШ-қа санкция салады

Түркия Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттарына қарсы қарымта санкция салмақ.

Бұл туралы осы ел президентінің баспасөз хатшысы Ибрагим Калын мәлімдеді. Бұған дейін 14-ші қазан күні Ақ Үй басшысы Дональд Трамп Сирияның солтүстік-шығысына жасаған шабуылына байланысты Анкараны қатаң сынға алып, санкция салған болатын. Сыншылардың сөзінше, АҚШ тарапының бұл қысымы, яғни алюминийге тарифті көтеру мен сауда келіссөздерінің тоқтауы Түркияға қарсы қолданылған әлсіз әрекет. Ал министрлер кабинетінің отырысынан кейін баспасөз конференциясын ұйымдастырған Калын «Бейбітшілік қайнары» операциясы жалғаса беретіндігін айтты. Сондай-ақ Анкара күрд жасағымен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр.

Хабар 24 телеарнасы