387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта фермерлер ереуілге шықты

  • 200
  • UPD: 15:25, 17.10.2019
Нидерландта фермерлер ереуілге шықты

Нидерландта наразы фермерлер көшеге шығып, жол қозғалысы тоқтап қалды.

3 мыңдай тракторшы Утрехт қаласынан Гаагаға жолға шыққан. Олар шамамен 375 шақырымдай жолды жауып тастады. Фермерлер биліктің климат өзгеруімен күрес жолындағы саясатына наразы.   Олардың айтуынша үкіметтің бұл әрекеттері ауыл шаруашылығы саласына кері әсер етеді. Мәселен ауаға азоттың бөлінуін азайту туралы міндеттеме дәл осы сала үшін айтарлықтай шығын алып келеді. Ереуілшілердің айтуынша ауыл шаруашылығынан бөлек, экологияға қауіп төндіретін басқа да өндіріс орындарын қысқарту керек.

Хабар 24 телеарнасы