387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО пен Ұлыбритания Brexiт бойынша келісімге жетті

  • 200
ЕО пен Ұлыбритания Brexiт бойынша келісімге жетті

Еуроодақ пен Ұлыбритания Brexit бойынша келісімге келді.

Бұл туралы санаулы уақыт бұрын осы келіссөздерге қатысқан Еуроодақтың бас өкілі Мишель Барнье хабарлады. Оның айтуынша, қол жеткен уағдаластық бойынша Ирландия және Солтүстік Ирландия арасына шекара салынбайтын болды. Келісімді осы айдың аяғына дейін қос тараптың парламенттері бекітуі тиіс.

Мишель Барнье, Brexit бойынша келіссөздерде Еуроодақтың бас өкілі:

– Біз Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан ретелген түрде шығу туралы келісімге қол жеткіздік. Келешек қарым-қатынастарымыз туралы да келістік. Соңғы күндері қайшылықтар болғанмен, түбі ымыраға келдік. Жаңа келісімде қос тарап азаматтарының құқықтары қорғалған және Ұлыбритания Еуроодақ бюджеті бойынша өз міндеттемелерін орындай алады. Өтпелі кезең 2020 жылдың аяғына дейін жалғасады, бәлкім тағы да бір жылға ұзаруы мүмкін. Келісімді уақытында, 31 қазанға дейін ратификациялауға болатынына сенімім бар.

Хабар 24 телеарнасы