387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде 18 алаңға терроризмге қарсы тосқауылдар қойылмақ

  • 197
  • UPD: 10:04, 18.10.2019
Берлинде 18 алаңға терроризмге қарсы тосқауылдар қойылмақ

Қауіпсіздік шаралары, осыдан үш бұрынғы оқиғаға байланысты күшейтіліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, ол кезде Брайтшайдплац алаңындағы Рождество жәрмеңкесі кезінде жүк көлігі жиылған адамдарды таптап өткен еді. Қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тауып, 70 тұрғын зардап шеккен. Сенаттың ақпары бойынша биылғы жылы елдегі көрнекі жерлерде қауіпсіздік шараларын жоспарлау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Олардың қатарында: Бранденбург қақпасы, Александр платц және Жандарменмаркт бар. Туристер көптеп жиналатын бұл жерлерге енді бетонды блоктар қойылады. Бұл әрекеттер көлік немесе жүк көлігімен террорлық әрекеттің орын алуына жол бермеу үшін жасалып отыр.

Юдит, Берлин қаласының тұрғыны:

- Дәл осы жерде үш жыл бұрын Рождествоны тойлап жатқанда жүк көлігі тұрғындарды таптап өтті. Бұл барып тұрған қатыгездік. Енді осындай қайғылы оқиғаның алдын алу үшін бетонды бөгеттер қойылып жатыр. Өте қуаныштымын. Менің ойымша, осындай бөгеттерді барлық жерге қою керек. Себебі, балалар алаңдарға көп жиналады.

Хабар 24 телеарнасы