388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияның Сирияда басталған әскери операциясы уақытша тоқтатылды

  • 238
  • UPD: 10:57, 18.10.2019
Түркияның Сирияда басталған әскери операциясы уақытша тоқтатылды bbc.com

Түркия Сирияның солтүстік-шығысына бастаған «Бейбітшілік қайнары» әскери операциясын 120 сағатқа уақытша тоқтатты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл уақыт аралығында күрд жасақтары өз еріктерімен өңірді босатуы тиіс. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арасында өткен келіссөздерден соң белгілі болды.

Бұл орайда Түркия «сыртқы істер министрлігі операцияны уақытша тоқтату күрдтермен келісімге келдік» дегенді білдірмейді деп мәлімдеме жасады. Сондай-ақ келіссөздер қорытындысы бойынша Ақ үй Анкараға жаңа санкциялар салмайтын болды. Ал, егер Түркия әскери операцияны түбегейлі тоқтатса, АҚШ алдында салынған санкцияларды алып тастауға уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы