387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталонияда ереуілге қатысушылар қатары сағат сайын артып келеді

  • 201
  • UPD: 23:29, 18.10.2019

Каталония толқып тұр. Қарақұрым халық бүгін де бас көтеріп, көшеге шықты. Елінің тәуелсіздігі үшін басын қатерге тіккендердің бір бөлігі Барселонадағы Саграда Фамилия шіркеуінің алдына жиналды. Каталония астанасынан хабар.

Жанат Эрнст, тілші:

- Бүгін бүкіл Каталонияда жаппай ереуілдер өтіп жатыр. Наразылық акциясына қатысушылардың қатары сағаттап артып келеді. Кеше кешқұрым аймақтың 5 бірдей ауданынан шыққан халық мына мен тұрған Саграда де Фамилия шіркеуіне жиналуда. Шіркеу алдындағы наразы топтың саны мыңға жуықтады. Ереуілшілерге қарамастан ғибадат орыны әлі жұмыс істеп тұр. Демонстранттар Испанияның Жоғарғы сотының үкіміне қарсы. Сот 2017 жылы референдум ұйымдастырған каталондық саясаткерлерді ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырған болатын. Жұрт «бұл тым ауыр жаза» дейді. Сонымен қоса бүгін наразы топ Каталонияның ішкі істер министрінің отставкасын талап етіп отыр. Негізгі шеру Барселонада жергілікті уақытпен 17.00-де өтуі тиіс. 

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

Хабар 24 телеарнасы