384,67 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдың биылғы экономикасы 27 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен

  • 175
Қытайдың биылғы экономикасы 27 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен

Биыл Қытай экономикасының үшінші тоқсандағы өсу қарқыны соңғы 27 жылдағы ең төменгі көрсеткішке жеткен.

Оған АҚШ-пен арадағы сауда соғысы себеп. Өйткені сарапшылар бұл жаһандық экономикалық белсенділікті әлсіретуі мүмкін деп алаңдайды. Десе де аспан асты елінің билігі жұмыссыздық пен инфляция секілді негізгі экономикалық көрсеткіштер қанағаттанарлық деңгейде дейді. Оның үстіне мамандардың пайымдауынша, жыл соңына дейін көлік сатылымының төмендеу қарқыны бәсеңдеуі мүмкін. Сондай-ақ өнеркәсіптік өндірісте өсім болады деп болжанып отыр. Мұның бәрі төртінші тоқсанда Қытайдың экономикалық жағдайын жақсартуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы