388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливандағы ереуілдерден 200 адам зардап шекті

  • 129
  • UPD: 13:13, 19.10.2019
Ливандағы ереуілдерден 200 адам зардап шекті

Бейруттегі ереуілдер басылар емес.

Тәртіп сақшылары наразы халықты тарқату үшін көз жасаурататын газ бен су тапаншаларын қолданды.

Ливанда министрлер кабинетінің жаңа салықтар туралы шешімінен кейін ел тұрғындары жаппай үкіметке қарсы ереуілге шықты. Жүз мыңдаған адам жол қозғалысын тоқтатып, резеңке мен қоқыс бөшкелерін өртеп жатыр. Наразы халық биліктің отсавкаға кетуін талап етіп отыр. Өйткені қазіргі үкімет халықты қанап, жемқорлықтың жайлауына жол берді, дейді ереуілшілер. Көтеріліс соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, салдарынан 200 адам зардап шекті. Олардың 60-тан астамы – полиция қызметкерлері. Ливанның премьер-министрі елдегі ереуіл биліктің емес саяси қарсыластардың ұйымдастыруынан болып отыр дейді. 

Белаль Әл-Джамаль, ереуілші:

– Біз шаршадық. Ереуілге де сол үшін шығып отырмыз. Қазіргі билік отставкаға кетсін. Себебі елдегі экономикалық дағдарыстан қарапайым тұрғындар қажып бітті. Сайлауды шет елдіктер бақылап, 100 проценттік әділ басшы тағайындасын.

Хабар 24 телеарнасы