387,04 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда Brexit бойынша кезектен тыс сессия өтіп жатыр

  • 124
  • UPD: 20:52, 19.10.2019
Лондонда Brexit бойынша кезектен тыс сессия өтіп жатыр

Brexit-тің жаңа нұсқасы Біріккен Корольдік тарапынан қолдау таба ма жоқ па?

Дәл қазір Лондонда британиялық парламенттің төменгі палатасы, яғни қауымдар палатасының кезектен тыс сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа құжат Брюссельде өткен саммит барысында Еуроодақ тарапынан қолдау тапқан болатын. Премьер-министр енді оны түбегейлі бекіту үшін парламенттің қарауына ұсынып отыр.

Бірақ оппозиция көшбасшысы Джереми Корбин жаңа құжат бұрынғысынан да тиімсіз деп есептейді. Яғни, бұл келісім Ұлыбританияның Одақ құрамынан шыққаннан кейінгі экономикалық тұрақтылығына кепілдік бере алмауы мүмкін.

Айта кетейік, ресми Лондон жаңа құжатты қазанның 31-іне дейін бекітпесе, Brexit ешбір келісімсіз жүзеге асады. Сарапшылар «Тұманды Альбион үшін мұның салдары ауыр болады» деген пікірде.

Хабар 24 телеарнасы