377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде телехабар тарату жүйесі цифрлық үлгіге ауысты

  • 222
  • UPD: 21:35, 19.10.2019

Ресей телехабар тарату жүйесін жаңартып жатыр. Қазан айының орта шенінде соңғы жиырма аймақ цифрлық үлгіге ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол өңірлерде шамамен 40 миллион адам тұрады. Бірақ жаңашылдық сол, қалың жұрттың барлығына бірдей жағымды болып тұрған жоқ.

Телехабарды таратуды цифрлық жүйеге ауыстыру жұмысы Ресейде осыдан 10 жыл бұрын басталған. Оған 170 миллиард рубльден астам қаражат бөлінді. Енді бір түйткіл бар. Жоба толық жүзеге асқан кезде шамамен 34 миллион отбасы телехабарларды көре алмайды. Себебі, цифрлық жүйегі тек заманауи телевизолар ғана қабылдай алады. Ал көк жәшігі ескіргендер арнайы құрылғы – ресиверді сатып алуы керек. Аймақтық үкімет өкілдері табысы аз азаматтарға осы шығынын өтеуге уәде берді.

Дмитрий Журавлев, Аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

- Үлкен қалаларда бұл қиындық тудырмайды. Ал шағын елді мекендерінің тұрғындары үшін бұл үлкен мәселе, өйткені жақсы теледидар біраз ақша тұрады. 19-20 мың Мәскеу үшін түк емес шығар. Алайда бүкіл ел бойынша жалақының орта шамасы 46 мың, ал кейбір аймақтарда тіпті 8 мың екен. Екі айлық жалақысын телевизор үшін төлеуге барлығының шамасы жетпейді.

Кейбір сарапшылар «аймақтық телеарналар да біраз шығынға бататын түрі бар», дейді.

Никита Куликов, РФ Мемлекеттік Думасының цифрлық экономика бойынша сарапшысы:

- Аймақтық телеарналар үшін мәселе туындауы мүмкін. Себебі хабар тарату жиіліктері шектеулі. Өз хабарын тарату үшін арналар ақша төлеуі тиіс. Ал олар бұл қаржыны қайдан алады, бұған субсидия немесе дотация бөлінуі керек.

Жалпы Ресейде шамамен 120 миллион теледидар бар. Олардың жартысы осы күнде цифрлық хабар қабылдайды. 30 миллионға жуығы ресивер арқылы істейді. Ал қалған 30 миллионы енді жарамсыз болып қалды. Оларды ауыстыру немесе қайта жабдықтау қажет.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

 

Хабар 24 телеарнасы