387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ердоған күрд жасақтарына талап қойды

  • 215
  • UPD: 22:08, 19.10.2019
Ердоған күрд жасақтарына талап қойды

Күрд жасақтары уақытша оқ атпау келісімі аяқталғанша Сирияның солтүстік-шығысын босатуы тиіс.

Бұлай болмаған жағдайда Түркия «Бейбітшілік қайнары» әскери операциясын қайта бастайды. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді.

Түркия қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша өткен тәулікте күрд жасақтары он шақты шабуыл жасаған. Бірақ сириялық тарап бұған керісінше, Түркияны айыптап отыр. Айтуларынша, Анкара қолдайтын Сириядағы жасақтар әлі күнге әуе соққыларын тыймаған. Осы шабуылдардан 14 сириялық бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Айта кетейік, 9 қазан күні басталған әскери операция кезінде өңірден он мыңдаған тұрғын қашып шыққан.

Хабар 24 телеарнасы