384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барселонадағы жаппай ереуілдерден зардап шеккендер саны 180-ге жетті

  • 206
  • UPD: 22:32, 19.10.2019

Каталонияда тәуелсіздік жақтастарының наразылық акциясы басылар емес. Тәртіп сақшыларымен қақтығыстан зардап шеккендердің саны қазір 180-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, аймақтағы толқулар апта басында басталған. Халық каталониялық саясаткерлерге қатысты Испанияның Жоғарғы соты шығарған үкімге қарсы.

Каталониядағы жаппай наразылық акциясы қайта қақтығысқа ұласты. Елдегі толқуларды тиімді пайдаланбақ болған радикалдар ереуілшілер арасында шу шығаруда. Тәртіп сақшыларына жарылғыш заттар мен тас лақтырып, жағдайды одан әрі ушықтырған. Полиция қызметкерлері өз кезегінде наразы халықты резеңке оқпен атып, тарқатпақ. Тіпті ереуілшілерді таяқпен ұрып, көз жасаурататын газ қолданған жағдайлар тіркелді. Соңында тәртіп сақшылары ереуілге шыққандарды автокөлікпен қуған. Түрлі ақпарлар бойынша акциялардан 150-ден астам адам зардап шеккен. 50 шақты ереуілшіге кісен салынды.

Екатерина Котова, турист:

Мына көшеге бұрылғаным сол еді, жарылыстың дауысын естідім. Ол затты лақтырғандар да, жергілікті тұрғындар да жан-жақа қаша бастады. Қорыққанымнан менде қаштым. Мұнда қазір өте қауіпті болып тұр.

Кез келген елде ереуілге шыққандардың басым бөлігі жастар болады. Себебі қоғамның дәл осы бөлшегі өмірлік ұстанымын таппаған, радикалды бағытқа тез ілесетіндер болып саналады. Сондықтан Каталония алаңындағы көтерілісте зорлық-зомбылыққа барғандарың басым бөлігі жастар. Дегенмен, бейбіт акцияны қолайтындар да табылды.

Мар, ереуілге қатысушы:

Біз анам екеуміз қаланың сыртында орналасқан елді мекеннен келдік. Мақсатымыз бейбіт акцияға қатысу болатын. Жалпы митингтер Барселонада 10 жылдан бері өтіп келеді. Бірақ радикалдар қосылған қатыгез ереуілді бірінші рет көріп тұрмын. Біздің оларға қатысымыз жоқ. Зорлық-зомбылыққа жол бермеуіміз керек.

Каталониядағы жағдай осындай. Қалалар тұрмақ, өңірлерде де ереуілдер көбейді. Соған қарағанда мұнда наразылық шаралары алдағы апта да жалғасатын түрі бар.

Авторлары: Жанат Эрнст, Жомарт Ахметов

 

Хабар 24 телеарнасы