429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Brexit. Британдықтар жаңа референдумды талап етті

  • 583
  • UPD: 12:57, 20.10.2019

Лондон көшелерінде шу шықты. Британдықтар биліктен Brexit бойынша жаңа референдум өткізуді талап етіп жатыр.

Наразы тұрғындардың пікірінше бұл мәселеде билік халықпен санасуы тиіс. Үш жыл бұрынғы референдумның қорытындысы бүгінде өзгерген. Ол кезде 17 миллион халық Брекситті қолдаса, 16 миллионы қарсы болған еді. Ал қазір керісінше халық Еуропалық Одақ құрамында қалғысы келеді дейді ереуілшілер. Десе де, Біріккен Корольдіктің премьер-министрі Борис Джонсон қалайда 31 қазан күні Одақтан шығамыз деген ұстанымнан танбай отыр.

Хабар 24 телеарнасы