384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған фестиваль өтті

  • 206
  • UPD: 14:09, 20.10.2019
Мәскеуде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған фестиваль өтті

Мәскеуде түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған алғашқы көше фестивалі өтті.

Мерекелік шараға Ресейде тұратын 11 түркі халықтарының өкілдері қатысты. Олардың әрқайсысы өзінің ұлттық шатырын тікті. Алаңда ұлттық қолөнер туындылары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, ұлттық аспапта ойнау шеберлік сағаттары өтті. Фольклорлық концерт те келушілердің көңілін серпілтті. Әр ұлт өкілі дастархан жайып, қала тұрғындарына ұлттық тағамдарын  ұсынды. Фестиваль қонақтары татар чак-чагы мен башқұрт балының дәмін татып, ноғай шәйін ішті.

Хабар 24 телеарнасы