387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Итальян мүсіншісі ескі ағашты кәдеге жаратты

  • 137
  • UPD: 15:36, 20.10.2019
Итальян мүсіншісі ескі ағашты кәдеге жаратты

Кәдеге жараған кәрі ағаш. Италиялық мүсінші ескі ағаштардан бірегей мүсін жасап шығаруда.

Андреа Гандини осыдан бес жыл бұрын кеуіп кеткен ағаш діңі мен томарды ойып, түрлі фигура өрнектей бастайды. Шикізат тапшылығы ешқашан болған емес дейді шебер. Өйткені Рим Еуропадағы  жасыл шаһардың бірі саналады. Бүгінде қала аумағында 300 мыңдай жасыл желек бар. Оның көбісі осыдан 20-30 жыл бұрын отырғызылған. Андреа туындыға қажет шикізатты аса жауапкершілікпен таңдайтынын айтады. Бір мүсінді жасауға шебер бір апта уақытын жұмсайды екен. Бүгінде Андреа Гандини 66  бірегей мүсіннің авторы.

Хабар 24 телеарнасы