388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда әуе қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

  • 173
  • UPD: 16:26, 23.10.2019
Германияда әуе қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартты

Германияда жолсеріктер ереуілге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуропадағы «Люфтганза» әуе компаниясы және «Евровингс» еншілес компаниясының қызметкерлері жұмыс берушілеріне наразы. Соның салдарынан Майндағы Франкфурт, Гамбург, Кёльн және Берлиннен ұшатын жүздеген рейс кейінге қалды. Алдын ала ақпарлар бойынша 500-ге жуық рейс кешігеді. Ал ереуіл тағы бір тәулікке созылатын түрі бар. Жолсеріктер жалақыларын көтеруді талап етіп отыр. Бұған дейін жұмыс берушілер еңбекақы көлемін 2 процентке көбейткен. Бірақ жолсеріктер кәсіподағының бұған көңілі толмағанға ұқсайды. Егер өтініш орындалмаса, әуе қызметкерлері 1 қарашаға дейін жұмысқа шықпаймыз деп бекініп отыр.

Удо, Берлин қаласының тұрғыны:

– Бір жағынан жолсеріктерді түсінуге болады. Олар еңбек шартының ыңғайлы әрі тиісмді болғанын қалайды. Дегенмен тұрғындарды да түсінулері керек. Қаншама адам еңбек демалысына, ағайын-туыстарына ұшуды жоспарлап қойған еді. Билет үшін ақша жинады. Ендігі ереуілден кейін, рейстер кейінге қалдырылып жатыр. Бұл жолаушылар үшін қолайсыз.

Хабар 24 телеарнасы