430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Boeing Нью-Йорктан Сиднейге дейін үзіліссіз 19 сағат ұшты

  • 531
  • UPD: 10:05, 21.10.2019
Boeing Нью-Йорктан Сиднейге дейін үзіліссіз 19 сағат ұшты

Австралиялық әуе компанияға тиесілі Boeing Нью-Йорктан Сиднейге дейін үзіліссіз 19 сағат 16 минут ұшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұшақ 16 мың 200 шақырымды аялдамасыз рекордты түрде еңсерген. Экипаждан бөлек, бортта 50 жолаушы болды. Оларға ыңғайлы болуы үшін әуе кемесінің қызметкрелері арнайы мәзір дайындаған. Сондай-ақ эконом санаттың жолаушыларына аяқ жазып, жаттығу жасау үшін арнайы аумақ бөлінді. Жүргізілген сынақ қорытындысы бойынша ұзақ рейске арналған арнайы ұшақ құрастыру жоспарланып отыр.

Алан Джойс, әуе компания басшысы:

Австралиялық және әлемдік авиация үшін бұл тарихи сәт. Нью-Йорктан Сиднейге дейін аялдамасыз ұшқан алғашқы коммерциялық компания атандық. Бұл ұзақ қашықтыққа жоспарланған үш рейстің бірі.

Хабар 24 телеарнасы