388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте ереуілшілер полициямен қақтығысты

  • 153
  • UPD: 10:16, 21.10.2019
Гонконгте ереуілшілер полициямен қақтығысты

Гонконгте үкіметке қарсы ереуілдің жаңа толқыны тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы рұқсат етілмеген митингке он мыңнан астам ереуілші шыққан. Наразы халықты тарқату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданып, су шашқан.

Белсенділер басыла қоймады. Керісінше, ереуілшілер жол қозғалысына кедергі келтіріп, метро станцияларын қиратқан. Вандализм әрекеттері де тіркелген. Бұған дейін акция қатысушылары полиция учаскелеріне жанғыш заттар лақтырған.

Айта кетейік, Гонконгтегі жағдай маусым айында ушықты. Ел тұрғындары алғашында биліктің қылмыскерлерді Қытайға экстрадициялау шешіміне қарсы шыққан болатын. Бүгінде олар Гонконг әкімшілігінің басшысы Кэрри Ламның отсавкаға кетуін талап етіп отыр. Сондай-ақ өткен акцияларда бейбіт халыққа күш қолданған полиция қызметкрелеріне қатысты тергеу жүргізуді сұрауда.

Хабар 24 телеарнасы