389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сантьягода тәртіпсіздіктерден келген шығын 200 млн долларды құрады

  • 118
  • UPD: 11:59, 21.10.2019
Сантьягода тәртіпсіздіктерден келген шығын 200 млн долларды құрады

Ереуілшілер метрода ойран салып, 136 станцияның 77-сін тас талқан еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, бүлікшілер алты пойызға зақым келтіріпті.

Естеріңізге сала кетсек, Сантьягодағы ереуілдер 14 қазанда басталған еді. Оған метро жолақысының қымбаттауы себеп болды. Наразы жұрт тәртіп сақшыларымен қақтығысып, метро станцияларын қиратып, сауда үйі мен автобустарды өртеді. Осыған байланысты билік өкілдері Чилидің бірқатар елді мекенінде коменданттық сағат енгізді. Және тарифтің қымбаттауын уақытша тоқтатқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы