387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда ереуілшілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде

  • 167
  • UPD: 12:05, 21.10.2019
Ливанда ереуілшілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде

Ливандағы жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты «Ливан күштері» партиясы басқарушы коалиция құрамынан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ереуілшілер бұл жаңалықты қуана қабылдады. Осыған байланысты шерушілер Триполиде тіпті отшашу атқан. Жалпы наразы халық басқа партиялардың да басқарушы коалиция құрамынан шығып, кезектен тыс сайлау өткізуді талап етуде.

Айта кетейік, Ливандағы жағдай 17 қазан күнгі үкіметтің шешімінен кейін ушыққан еді. Атап айтқанда, саясаткерлер ғаламтор арқылы қоңырау шалуға арналған бағдарламаны қолдану үшін ай сайын 6 доллар көлемінде салық енгізбек болған. Бірақ ереуілдер өршіген соң билік бұл шешімнен бас тартты. Қазіргі уақытта ливандықтар биліктің түбегейлі отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы