388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Саясаттанушы: Орталық Азия елдеріне біріккен стратегияны қабылдау қажет

  • 159
  • UPD: 12:18, 21.10.2019
Саясаттанушы: Орталық Азия елдеріне біріккен стратегияны қабылдау қажет

Орталық Азия елдері Қытай-АҚШ сауда соғысымен туындаған қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін бірігуі керек. Бұл туралы Сеулдегі конференцияда айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаттанушы Пак Сан Намның пікірінше, АҚШ пен Қытай арасындағы қақтығыс Орталық Азия мемлекеттерінің экономикалық дамуына қатты әсер етеді. Бұл ең алдымен, Бейжің жүргізіп отырған «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасымен байланысты. Профессор Пак Қытайдың АҚШ-пен сауда келісіміне қол қоюы Қазақстан мен аймақтағы басқа елдер үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп санайды. Бұл үшін олар Қытаймен қатынасты дамытудың ортақ стратегиясын қабылдауы керек.

Пак Сан Нам, саясаттанушы:

Қытай мен Ресейден артында жүрмеу үшін Орталық Азия елдеріне біріккен стратегияны қабылдау қажет. Әрине, әр елдің өз экономикалық даму бағдарламасы бар, мысалы, Қазақстан-2020 немесе Өзбекстан-2025, бірақ бес мемлекет үшін ортақ стратегия қажет, содан кейін Қытай мен Ресей сияқты елдермен бірдей дамуға болады.

Хабар 24 телеарнасы