Египеттің Луксор қаласында ағаштан жасалған отыз шақты саркофаг табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – жүз жыл ішінде табылған ең ірі олжа. Саркофагтар Ніл өзенінің батыс жағалауындағы Эль-Ассасиф қорымында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде анықталыпты. Археологтардың айтуынша, оюлы әрі боялған саркофагтар осыдан шамамен 3 мың жыл бұрын жерленген. Болжам бойынша олардың ішінде абыздар мен балалардың мүрдесі жатқан болуы мүмкін. Ғалымдардың сөзінше, реставрация жұмыстарынан кейін олар Үлкен Египет музейіне қойылады.