384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда әуе компаниясындағы ереуіл салдарынан жүздеген рейс кейінге шегерілді

  • 181
  • UPD: 14:00, 21.10.2019
Германияда әуе компаниясындағы ереуіл салдарынан жүздеген рейс кейінге шегерілді

Германияда Lufthansa-ға еншілес 4 әуе компаниясындағы ереуіл салдарынан жүздеген рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты Берлин, Гамбург, Мюнхен және тағы да басқа қалалардағы мыңдаған жолаушы өз жоспарларын өзгертуге мәжбүр болған. Жалпы ереуілге жалақы мен зейнетақы мөлшерін көтеру жөніндегі келіссөздердің тығырыққа тіркелуі себеп болды.

Айта кетсек, жұма күні Lufthansa өз қызметкерлеріне жалақыны 2%-ке көтеретіні туралы уәде берген еді. Сондықтан наразылық акциясына бас компания жұмысшылары қатыспаған еді. Десе де, еншілес компания қызметкерлері өз наразылықтарын білдіруге шықты. Жолсеріктер кәсіподағы күтпеген жерден жаңа шарттар қойды. Бірақ концерн мұнымен келіспей отыр.

Хабар 24 телеарнасы