384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте рұқсат етілмеген шеру соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

  • 201
  • UPD: 15:17, 21.10.2019
Гонконгте рұқсат етілмеген шеру соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты

Гонконгте рұқсат етілмеген шеру соңы қақтығыс пен тәртіпсіздікке ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белсенділер банк пен дүкен терезелерін қиратып, тәртіп сақшыларына Молотов коктейлін лақтырған. Ашуға булыққан топты тарату үшін полицейлер оларға қарсы көз жасаурататын газ бен су атқыштар қолданды.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Шаһардағы ахуал балға ұстаған белгісіз біреулердің қозғалыс басшысына жасаған шабуылынан соң өршіген.

Еске сала кетейік, өңірдегі жаппай шеру осымен төртінші ай жалғасып келеді. Бастапқыда тұрғындар күдікке ілінген азаматтарды құрлықтық Қытайға беру туралы заң жобасына қарсылық білдірген еді. Енді жұрт Гонконг басшысы Кэрри Ламның отставкаға кетуін талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы