388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда ұшақ апатынан 3 адам қаза тапты

  • 189
  • UPD: 16:26, 23.10.2019
Бразилияда ұшақ апатынан 3 адам қаза тапты

Бразилияның оңтүстік шығысындағы Белу-Оризонти қаласында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 3 адам мерт болып, тағы үшеуі жарақат алған. Оқиға Carlos Prates әуежайының маңында болды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Баия штатына қарай бағыт алған әуе көлігі автокөліктердің үстіне құлап, артынша өртене бастаған. Апаттың анық-қанығын анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы