388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та дауыл салдарынан 175 мыңға жуық баспана жарықсыз отыр

  • 144
  • UPD: 16:26, 23.10.2019
АҚШ-та дауыл салдарынан 175 мыңға жуық баспана жарықсыз отыр

АҚШ-тың Даллас қаласында дүлей дауыл ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, шаһардың солтүстігінде соққан құйын да тұрғындардың зәресін алған. Табиғаттың тосын мінезінен аймақта 175 мыңға жуық баспана жарықсыз отыр. Қатты жел жолындағыны жайпап өткен. Салдарынан ондаған автокөлік пен ғимаратқа айтарлықтай зақым келді. Жергілікті әуежайда рейстер кейінге шегерілген. Мамандар апаттың шығынын есептеуге кірісті. Ал жарақат алғандар мен мерт болғандар жайлы әзірге ақпарат түскен жоқ. Құтқарушылар тұрғындардың жағдайын білу үшін аймақты аралап жатқанын хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы