388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген атқора өртенді

  • 185
  • UPD: 16:25, 23.10.2019
Италияда дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген атқора өртенді

Италияның Турин қаласындағы ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген атқорада өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау тарихи ғимараттың біраз бөлігін жалмаған. Қазір оқиға орнында 6 өрт сөндіруші бригада жұмысын жалғастырып жатыр. Болжам бойынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы