388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде теңіз арыстандарының 6 баласы Тынық мұхитына жіберілді

  • 162
  • UPD: 16:24, 23.10.2019
Перуде теңіз арыстандарының 6 баласы Тынық мұхитына жіберілді

Перулік зоологтар теңіз арыстандарының 6 баласын Тынық мұхитына жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал осы уақытқа дейін олар тәлімбақта өсіріліпті. Кезінде біреуі жеке үйдің ауласынан, енді бірі яхта клубы аумағынан табылған екен. Мамандардың айтуынша, жануарлар кішкентай кезде аналарынан айырылып қалған. Оларға қажетті ем-дом көрсетілген. Тіпті аңға шығып, қоректену жағы да үйретілген екен. Енді жануарлар табиғи ортада өз бетімен өмір сүріп, азығын табуға дайын болғандықтан, еркіндікке жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы