388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда ақылы жолдар қымбаттады

  • 101
  • UPD: 16:22, 23.10.2019

Түркияда қазан айынан бастап ақылы жолдардағы тариф қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр шақырымына қолма қол төлейтін жүргізушілер енді 20% көп шығынданады. Бұл туралы елдегі меншікті тілшіміз Түркия автомобиль жолдары бас басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. Оған сәйкес, тарифтік өзгеріс қалааралық жолдар мен көпірлерде тұрақты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында реттелген. Жаңа өзгеріс бойынша жүргізушілер қашықтыққа байланысты теңгеге шаққанда 200-ден 2000-ға дейін ақы төлейтін болды. Сондай-ақ тарифтік өсім Босфор бұғазы көпірлері мен елдегі барлық туннельдерге енгізілді. Соңғы айдың статистикасына сәйкес елдегі инфляция деңгейі 9% құраған. Бұл – 2017 жылдан кейінгі ең төменгі көрсеткіш. Сонда да жалақылары өзгермеген жүргізушілердің айтуынша, бұл жағдай көлік тізгіндеушілерінің қалтасына салмақ салады. Айта кеткен жөн, Түркияда ақылы жолдар мен көпірлерден жылына ел бюджетіне жергілікті валютамен шамамен 2 миллиард пайда түседі екен.

Фирузе Акман, жүргізуші:

- Өзім инженермін. Жекеменшік компанияда жұмыс істеймін. Ақылы жолдардың қымбаттауын қолдамаймын. Себебі жалақымыз өсіп жатқан жоқ. Күн санап қымбаттап жатыр. Өткен айда жанармайдың бағасы көтерілген еді. Енді міне жол. Бұдан былай, қалааралық жолдарда қоғамдық көліктерді қолдануыма тұра келеді.

Бурак Гүрмез, жүргізуші:

- Жолдардың қауіпсіздігі үшін техникалық қызмет пен жөндеу жұмыстары қажет. Дегенмен халықтың тұрмыстық жағдайын да ескерген жөн. Ақылы жолдарды жиі қолданбайтын едім. Осыдан кейін де ақысыз жолдармен жүретін шығармын.

Хабар 24 телеарнасы