389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде ереуіл салдарынан 11 адам қаза тапты

  • 162
  • UPD: 16:21, 23.10.2019
Чилиде ереуіл салдарынан 11 адам қаза тапты

Чилиде өткен аптаның соңынан бері жалғасып келе жатқан тәртіпсіздіктерден 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Сантьяго мэрі Карла Рубилар мәлімдеді. Оның айтуынша, 19 қазанда 3 адам қала сыртындағы дүкендердің бірін өртеу кезінде қаза тапқан. Тағы 8 азамат 20 қазан күні супермаркеттегі өрттен бақилық болыпты. Айта кетсек, елдегі жаппай ереуіл 14 қазанда басталған еді. Оған метро жолақысының қымбаттауы себеп болды. Кейін ереуіл соңы қақтығысқа ұласып, наразы жұрт сауда үйі мен автобустарды өртей бастады. Осыған байланысты Чили президенті бірнеше қалада төтенше жағдай жариялап, қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауын тоқтатты. 

Хабар 24 телеарнасы