411,72 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биньямин Нетаньяху жаңа үкімет құра алмады

  • 471
  • UPD: 16:21, 23.10.2019
Биньямин Нетаньяху жаңа үкімет құра алмады

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жаңа үкімет құра алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Министрлер кабинетін құру міндетін оған ел президенті Реувен Ривлин тапсырған болатын. Бұл жұмысқа 28 күн уақыт берілген еді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, міндетін атқара алмаған Нетаньяху енді бұл жұмыстан бас тартып отыр. Ал премьердің баспасөз қызметі жаңа үкімет құру тапсырмасы бұдан былай орталықшылдардың көшбасшысына тапсырылатынын хабарлайды.

Хабар 24 телеарнасы