387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливия халқы президенттік сайлау нәтижесіне наразы

  • 169
  • UPD: 17:39, 22.10.2019
Боливия халқы президенттік сайлау нәтижесіне наразы

Боливияның бірнеше қалаларында халық ереуілдетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық акциялар президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болғаннан кейін басталды. Ел тұрғындары саяси доданың нәтижесімен келіспейтінін айтады. Наразыларды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған. Жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.

Айта кетейік, президенттік сайлаудың бірінші кезеңі бойынша елдің қазіргі басшысы Эво Моралес көш бастап тұр. Ол 46,4% дауыс жинаса, сайлаушылардың 37,07%-і оның басты қарсыласы Карлос Месаны қолдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы