389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ үйде кадрлық ауыс-түйіс жасалды

  • 208
  • UPD: 08:15, 23.10.2019
Ақ үйде кадрлық ауыс-түйіс жасалды

Демократиялық партия өкілдері Дональд Трампқа импичмент жариялауға тырысып жүргенде, Ақ үй әкімшілігі кадрлық ауыс-түйіс туралы жариялады.

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Роберт О'Брайен сыртқы саясат мәселелерімен айналысатын қызметкерлерінің санын қысқартуға ниет білдірген. Оның айтуынша, Джордж Буш президенттігі кезінде Ұлттық қауіпсіздік Кеңесінде қызметкерлер саны едәуір аз болатын. Ал сол кезде АҚШ Ирак пен Ауғанстанда әскери қимыл жүргізген еді. Сондай-ақ Ресейде жаңа елші болып Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Джон Салливан тағайындалуы мүмкін. АҚШ президенті өз Твиттерінде жыл аяғына дейін Рик Перри энергетика министрі қызметінен кететінін жазды. Бұл лауазымға Перридің қазіргі орынбасары Дэн Бройлет тағайындалмақ.

Тед Джонс, сарапшы:

-Шынын айтсам, Трамп қайта сайланады деп ойлаймын, өйткені оны жеңетін өзге үміткерді көріп тұрған жоқпын. Ол дұрыс саясат жүргізіп келеді деп санаймын. Бәлкім айтқан сөздері дипломатияға лайық емес шығар, бірақ экономикамызды дұрыс бағытта дамытып жатыр. Дегенмен табысы орташа мен одан төмен азаматтарға салық қысқартуды ойластыруы керек, бұл өзекті мәселе болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы