376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранның АЭС компьютерлерін бұзған Израиль ядролық бағдарламаны кешіктірді

  • 295
  • UPD: 11:22, 23.10.2019

Израиль кибертерроризмнің қаншалықты қауіпті екенін түсінген алғашқы елдің бірі. Демек, мемлекет пен жеке азаматтарды түрлі  қауіптен сақтау қажет. Бұл ретте киберқауіпсіздік - мемлекеттің негізгі  саясатының бірі. Тіпті елде киберқауіппен күресетін арнайы министрлік құрылған. 

Киберлаңкестік қылмыстың жаңа түрі. Енді жарылғыш  зат орнатып, электрстанциялардың күлін көкке ұшырудың  қажеті жоқ. Сол станцияның жүйесін бұзып, қастандықты креслода отырып жасауға болады. Немесе аурухананың компьютерлерлік желісіне кіріп, науқастарға орасан зор зиян тигізу де түк емес. Мұның салдары жарылыстан да ауыр тиюі мүмкін. Сорақысы сол, лаңкестер компьютердің қауіпті қару екенін жақсы біледі. 

Саймон Цыпис, Израиль ұлттық қауіпсіздік  институтының сарапшысы:

- Террористер жаңа технологияның тілін табуға тырысып жүр.

Негізі оны қолдану оңай әрі арзан. Халықтың бәрінде смартфон мен компьютер бар. Көптеген жерлер уай-фай және сымсыз интернетпен қамтылған.  

Хакерлер сарбаздардың смартфондарын бұзып, одан ақпарат алуға үнемі тырысып жүргенін әлдеқашан байқаған. Қатардағы жауынгерлердің құнды мәліметке ие екенін өздері де ұға бермейді. Мысалы, әскери базаның алдында жасалған селфиден түрлі дерек алуға болады.

Саймон Цыпис, Израиль ұлттық қауіпсіздік  институтының сарапшысы:

- Мәселен, жауынгердің күн тәртібін, қашан келетінін, базасы қайда орналасқанын, бір апта немесе бір айдан кейін ол қайда баратынын білсе, ол қызмет етіп жүрген рота немесе батальонның қимылың аңди алады. 

Израильде киберлаңкестікпен жеке құрылымдар емес, мемлекет күресіп келеді. Қылмыстың осы түріне қарсы тұратын арнайы орталық құрылған, ал әскерде кибербөлімдер бар.  Израиль бұл салада қорғаныстан гөрі қарсы шабуылға көшкен. Мұның айқын дәлелі - Бушер атом элетр станциясының компьютерлерін бұзу. Бұл қимыл Иранның ядролық бағдарламасын бірнеше жылға артта қалдырды.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы