433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Боливиядағы президенттік сайлау қорытындысынан шу шықты

  • 442
  • UPD: 12:44, 23.10.2019
Боливиядағы президенттік сайлау қорытындысынан шу шықты

Боливияда өткен президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысынан кейін басталған ереуіл одан әрі ушығып кетті.

Ашуға бой бергендер саяси доданың нәтижесімен келіспей отыр. Оған сәйкес елдің қазіргі президенті Эво Моралес президенттік сайлаудың бірінші кезеңінде ең көп дауыс жинаған. Алайда жеңіске жету үшін әзірге жеткілікті дауыс жинаған жоқ. Жергілікті сот бюллетеньдердің 80 пайызы есептелгеннен кейін дауыс санауды тоқтатып тастады. Оған сот қызметкерлеріне көрсетілген қоқан-лоққы себеп дейді.

Хабар 24 телеарнасы