388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сингапурде әуе таксиі сынақтан өтті

  • 167
  • UPD: 14:53, 23.10.2019
Сингапурде әуе таксиі сынақтан өтті

Неміс стартаперлері Сингапурде электрлі әуе таксиін сынақтан сәтті өткізді. Енді олар 2021 жылға дейін мұнда аэротакси қызметін ендіруді жоспарлап отыр.

Ұшу құралдары жолаушыларды қысқа қашықтыққа тасымалдайды. Бағасы кәдімгі таксидікіндей болмақ. Билік «бұл көлік кептелісі мәселесін шешуге септігін тигізеді» дейді. Жалпы соңғы уақытта бірқатар компания аэротакси қызметін нарыққа шығаруға тырысып жүр. Алайда тиісті инфрақұрылымның болмауы және қауіпсіздік мәселесі жобаны жүзеге асыруға тұсау болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы