387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириялық босқындар Иракты бетке алды

  • 188
  • UPD: 15:13, 23.10.2019
Сириялық босқындар Иракты бетке алды

Сирияның солтүстік - шығысында қарулы қақтығыс өршіп тұрған аудандардан тұрғындар үй-жайларын тастап кетуге мәжбүр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақтағы 7 мыңға жуық босқын Иракка қарай ағылды. Бұл бір аптаның көрсеткіші ғана. Олардың көбі әйелдер мен балалар. Көршілес елге келгендерге өңірдегі БҰҰ-ның қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп жатыр. Ұйым өкілдерінің айтуынша, кірмелер баспана мен азық-түлікке ғана емес, сонымен қатар психологиялық көмекке де мұқтаж. Белгілі болғандай қазір сириялықтардың көбі шекарадан 140 шақырым жерде орналасқан Бардараш лагеріне жайғасты.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы