Коста-Риканың әскери теңіз күштері мен жағалау қызметінің бірлесе ұйымдастырған арнайы операциясы кезінде ашық теңізде 1,4 тонна кокаин тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бортында есірткі заты бар қайық Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде ұсталды. Экипаж мүшесі де қамауға алынды. Қылмыстық іске қатысты тергеу ісі басталып кетті.
Айта кетейік, соңғы кездері Орталық Америка заңсыз есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде қолданылып отыр.