384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилидегі жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқандар саны 18-ге жетті

  • 219
  • UPD: 14:34, 24.10.2019
Чилидегі жаппай тәртіпсіздіктен қаза тапқандар саны 18-ге жетті vedomosti.ru

Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді.

Оның айтуынша, бақилық болғандар арасында бір бала бар. Бұған қоса, 95 полицей мен 102 азаматтық тұлға зардап шегіп, оларға медициналық көмек көрсетілген.

Еске сала кетейік, қанды қақтығысқа ұласқан ереуілдерге метро жолақысының қымбаттауы себеп болған еді. Алайда кейінірек ел президенті Себастьян Пиньере тарифтің қымбаттауын тоқтатқан болатын. Бірақ соған қарамастан елдегі ереуілдер әлі де басылар емес.

Хабар 24 телеарнасы