433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Brexit: Ұлыбританияның Қазақстанмен сауда-экономикалық әріптестігі нығая түседі

  • 724
  • UPD: 23:42, 24.10.2019

Еуропалық Одақ құрамынан шыққан кейін Ұлыбританияның Қазақстанмен сауда-экономикалық әріптестігі нығая түседі. Бұл Біріккен Корольдіктің инвестициялар бойынша мемлекеттік министрі Грэм Стюарттың пікірі. Қазақстан-Британ іскерлік кеңесінің отырысында және «Kazakhstan Global Investment Forum 2019» инвестициялық форумында болып қайтқан.

Қазір Ұлыбритания үшін қарбалас кезең. Бәрінің ойында Брексит. Сондықтан да шығар негізгі қонақтардың бірі сәл кідіріп келді. Біріккен Корольдіктің инвестиция мәселелері бойынша мемлекеттік министрі Грэм Стюарт уақыт тапшылғына қарамастан жиынға қатысып, делегаттар алдында сөз сөйледі. 

Грэм Стюарт, Ұлыбританияның инвестиция мәселелері бойынша мемлекеттік министрі:

- Ұлыбритания Еуроодақтан шығып, еркін сауда саласындағы жаһандық көшбасшы болуға дайындық үстінді. Біз Қазақстанның алдағы он жылдықтарда өсіп-өркендеуі үшін британиялық фирмалардың атсалысуына барынша көмек көрсететін боламыз. 

Бір ғана мысал. 2019 жылдың І-жарты жылдығында Қазақстанның Ұлыбританияға экспорты 439,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың І жарты жылдығымен салыстырғанда 8,5 процентке өсті. Жыл сайын өткізілетін қос шараның басты мақсаты осы сынды сауда-экономикалық көрсеткіштерді жоғарылату және елге инвестиция тарту. 

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы:

- Біздің қорымыз жаһандық экономикалық үрдістерді ескере отырып, кірістерді әртараптандыруға бағытталған жаңа стратегиясын бекітті. Қор алдағы бес жылда келешегі кемел салаларға 38 млрд. АҚШ долларын құймақ. Оның 32 млрд сырттан тартылатын болады және британиялық компаниялар инвесторлар ретінде қатыса алады.  

Экономиканың басты секторларына инвестиция тарту міндеті жүктелген Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосы бұл күні ерекше белсенділік танытты. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко британиялық бизнестің көшбасшыларымен инвестициялық жобалар бойынша бірнеше кездесу өткізді. Енді алдағы уақытта Қазақстанның шығысында сүт-тауар фермасы, батысында 350 орындық аурухана тұрғызылып, басқа да ірі жобалар жүзеге асуы тиіс. 

Шон Макэллин, «IDI» компаниясы бас директорының міндетін атқарушы:

- Қазақстандық және ирландиялық компаниялары өзара әріптестік орнату туралы меморандумға қол қойды. Оған сәйкес 50 млрд теңгеден кем түспейтін мөлшерде ирландиялық инвестициялық жобаларды ҚР арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қаржы салуға көмектесетін боламыз. 

Шара барысында форум ұйымдастырушыларының бірі «FDI» журналы шағын және орта бизнесті қолдау, бас редактордың таңдауы және ең үздік жарнама ұраны номинациялары бойынша «Түркістан» арнайы экономикалық аймағын марапаттады.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы