432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бангладеште 16 адам өлім жазасына кесілді

  • 810
  • UPD: 08:05, 25.10.2019
Бангладеште 16 адам өлім жазасына кесілді

Бангладеш елінде 16 адам өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сот оларды жас қыздың қазасы үшін айыпты деп таныған. Бұл оқиға биыл көктемде болған еді. Діни мектептің студенті директорды «жыныстық әлімжеттік көрсетті» деп айыптаған. Арызын кері қайтарып алуға мәжбүрлеу үшін мектеп басшысы таныс адамдарынан көмек сұраған. Ал олар қыздың үстіне жанармай құйып, өртеп жіберген. Салдарынан студент ауруханада көз жұмған. Жантүршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Жұрт күдіктілер үшін қатаң жаза сұраған.

Хабар 24 телеарнасы