410,70 456,25 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның қарулы күштері Түркияның бітімді бұзғанын жария етті

  • 659
Сирияның қарулы күштері Түркияның бітімді бұзғанын жария етті

Сирияның қарулы күштері мен күрд жасақтарының өкілдері түрік әскері бітімді бұзғанын жария етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтуларынша, екі ел шекарасында орналасқан Рас-әл-Айн және Хасеке қаласының маңында әскери іс-қимылдар жалғасқан. Атыс-шабыс салдарынан қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ.

Айта кеткен жөн, осы айдың басында Түркия көрші Сирия аумағында әскери операция бастаған болатын. Түріктер екі ел шекарасына таяу өңірді лаңкестерден азат етіп, қауіпсіз аймақ құруға ниетті екендерін айтқан. Алайда бірнеше күн бұрын Сочиде өткен келіссөздер барысында Түркия әскери іс-қимылдарын тоқтатуға келіскен еді.

Хабар 24 телеарнасы