Оған әлемнің ең үздік 40 мүсіншісі қатысты.
Дәстүр бойынша жыл сайын ұйымдастырылатын шарада мүсіншілер роботтар жасап, түрлі мүсіндер бейнеленген алып қабырға тұрғызды. Жұрттың назары ауған таңғажайып композицияларға фестиваль қатысушылары 6 күн бойы еңбектеніпті. Ал оны тамашалауға 120 мыңнан астам көрермен келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл фантастикалық роботтарға арналған фестиваль алдағы жылы орта ғасыр тақырыбында болмақ екен.