388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда төтенше жағдай режимі жарияланды

  • 151
  • UPD: 14:39, 26.10.2019
Калифорнияда төтенше жағдай режимі жарияланды

АҚШ-тың Лос-Анджелес пен Сонома округтерінде өртке байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қызыл жалын үйлерді шарпуға аз-ақ қалған. Қауіпті аймақта 50 мың адам қалған. Осыған байланысты қазір тұрғындар жаппай эвакуацияланып жатыр.

Айта кетсек, осы аптада Калифорния штатында орман өрті басталған еді. Ол тарап кетпеуі үшін аймақта электр қуаты сөндірілген еді. Нәтижесінде жарты миллионнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Жалпы Калифорния өңірінде өткен жылы да ірі өрт шыққан болатын. Сол кезде одан 84 адам қаза тауып, тағы 500-дей кісі із-түзсіз жоғалып кетті. Бұған қоса, Парадайс қаласында 14 мың үй, 4 мыңдай құрылым мен 528 коммерциялық ғимарат күлге айналған еді.

Хабар 24 телеарнасы